«Классика» компаниясы бір реттік қағаз стақандар, пакеттер, әртүрлі қораптар мен заттаңбалар шығарады. Біз табиғатқа жақын болғысы келетін бүгінгі тұтынушының талаптарына сай экологиялық таза өнімдерді ұсынамыз.
Біздің тарихымыз 1999 жылы басталды. Жаңалыққа тез бейімделген «Классика» Қазақстандағы қағаз стақандардың алғашқы өндірушісі болды. Сондай-ақ біз Қазақстанда алғаш болып Food Safety System Certification (FSSC) 22000 аудитінен өтіп, сертификат алдық — бұл тамақ қауіпсіздігі жүйесінің эталоны. Бұл сертификат біз шығаратын қағаз стақандар мен пакеттердің халықаралық тамақ стандарттарының барлық талаптарына сай екенін көрсетеді.
Бүгінде компаниямыздың заманауи жабдықтар паркі бар. Өндіріске тұрақты инвестициялар өндірістік мүмкіндіктерімізді арттырып, ассортиментімізді үнемі кеңейтеді. Жұмысымызда ең алдымен тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін басшылыққа алып, оларға қысқа мерзімде жауап беруге тырысамыз.
«Классика» компаниясына қош келдіңіз!